• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қазан, 05:15:28
Алматы
+8°

16 Ақпан, 2024 Ақтөбе облысы

Ақпан батырдың жатқан жерін астан-кестен еткен кімдер?

Бағзы жауынгершілік заманда ата-бабамыз марқұм батыр сүйегін тығып жерлеген, орнын ешкімге айтпаған. Ондағы мақсат – дұшпандар қастерлі тұлғаның қабірін қазып, сүйегін қорламасын дегені. Ал қазіргі мына бейбіт заманда атақты Ақпан батырдың қорымы астан-кестені шыққан. Бұл арадан алтын іздеп, барлау жұмысымен бақандай төрт фирма айналысуда. Оның бірі – бұрынғы Есеп комитетінің басшысы Омархан Өксікбаевтың жұбайына тиесілі көрінеді.

видеодан алынды

Ақтөбе облысында барлаушылар мемлекет қорғауындағы қорым маңының түгін қалдырмаған. Хромтау ауданы аумағындағы қорымның айналасын алтын іздегендер қопарып тастаған. Тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енген қорымның маңына барлау жүргізуге шенеуніктер рұқсат бергеніне батырдың ұрпақтары наразы. Себебі, бұл жерде тек Ақпан батыр бейітінен бөлек, ерте Темір дәуірінен қалған қорғандар да бар Сондай-ақ Ақпансайдағы жерасты барлау жұмысын жүргізуге тендер ұтқан қос компания Есеп комитетінің экс-төрағасы, кезінде Мәжілістің де депутаты болған Омархан Өксікбаевтың жұбайына тиесілі екен. Енді шенеуніктер алтынды заңсыз өндіргені үшін лицензиясынан айырып, келісімшартты тоқтаттық деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Атамыздың жатқан жерін, төңірегін алтын іздеушілер келіп қазып, үлкен ауыр техникаларымен таптап тастаған. Ата-бабамыздың жатқан жерін, жатқан сүйегін таптатуға қарсымыз. Үкімет тарапынан, тағы басқа әкімдіктерге өтініш: қазба жұмыстарын тоқтатуға көмектесуін сұраймыз», дейді Ақпан батыр ұрпағы Сайлыбай Шоқанов.

Ақпан батыр қорымының қорғауға алынғанын мәдениет басқармасындағылар да растап отыр. Қорым маңын қоршауға Хромтау әкімдігі жауапты екен.

Ақтөбе облысы мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова: «Алтын өндірісі туралы хабарымыз бар. Бұл жөнінде сол қазба жұмыстарымен айналысып жатқан мекемелерге хат жолданды. Өкінішке қарай, төрт мекеме жұмыс істеп жатыр. Тек біреуінен ғана жауап келді. Норматив-құқық актілерге сүйенетін болсақ, әрбір қорымды, ескерткішті қырық метр жерден қоршауға алу керек. Ол қоршау жұмыстарын аудан әкімдігі өткізеді», деді.

Ақпансайда асыл тұқымды жылқы бағып отырған шаруалар да алтын өндірушілерден шаршаған. Ақпан батыр ұрпақтары мен шаруалар алтын өндіру компаниясына дөкейлердің қатысы болғандықтан, ешкімнің тісі батпады деп шырылдайды.

Шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Қарамолдиев: «Есеп комитетінің бұрынғы төрағасы Өксікбаев Омархан Нұртайұлы деген азамат тұр, осы кәсіпорынның артында. Кең қазына дейді, Қаз қазына дейді. Осы кәсіпорындардың артында осы кісі тұр. Ол кісінің ықпалы болуы керек деп ойлаймыз, мына алтын қазу жұмыстары әлі күнге дейін тоқтамай, шешімін таппай тұр», дейді.

 

Айта кетсек, Ақпан батыр қазақ хандары - Хақназар, Шығай, Тәуекел, еңсегей бойлы ер Есім хандар билеген дәуірде, 1531-1605 жылдары өмір сүріп, жорықпен, жортуымен аттан түспеген, жерін-елін ерлікпен қорғаған батыр..

XVII ғасырдығ басында соғыста Ақпан батыр басшылығымен Еділ, Жайық, Сағыз, Қобда, Елек, Ор, Жем, Ырғыз, Тобыл арасында қалмақты талқандап жеңіске жеткенімен, Ақпан батыр 74 жасында улы қарудан ажал құшып, 1605 жылы кәзіргі Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Ор өзенінің бойына жерленеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір