• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:24:15
Алматы
+12°

22 Маусым, 2019 NEWS

Шудағы шу: Қаршадай қызды зорлаған педофил ұсталды (видео)

Жамбыл облысының Шу ауданында екі жарым жастағы қызды зорлады деген айыппен 25 жастағы жігіт қамауға алынды

newkuban.ru

Жамбыл облысының Шу ауданында екі жарым жастағы қызды зорлады деген айыппен 25 жастағы жігіт қамауға алынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме бере отырып.

Жәбір көрген бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр хәлде түскен науқастың беті бері қараған. Жантүршігерлік оқиғаны облыстық сот растады.  Ал полиция әзірге қандай да бір мәлімет берген жоқ.

Жаға ұстататын жағдай Шу қаласына қарасты Қант зауыты ауданында болған. Жәбір көрген қыздың ата-анасы тілшілермен тілдескісі келмеді. Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, күдікті арам ниетін тапа – тал түсте іске асырған. 

Айтуға ауыз бармайтын оқиға мына үйде болған.

Шу

Көршілердің айтуынша, аулада ойнап жүрген жасы үшке де толмаған қыз баланы 24-жастағы азамат үйіне кіргізіп, ойына келгенін істеген. Оның жанұшыра шыққан дауысын естіген куәгерлер, көмек  шақырыпты. Сол сәтте бүлдіршіннің әкесі бір топ адаммен келіп, баспананың есігін бұзып, ішке енген. Алайда, күдікті терезеден қарғып, қашып кеткен.

Бірақ ол алысқа кете алмапты. Оқиғаны көргендердің айтуынша, оның ізіне түскен бір топ жігіт көп ұзатпай қолға түсіреді, сөйтіп, күдіктіні полицейлер келгенше байлап ұстаған. Көршілер 25 жастағы бойдақ азаматты жақсы танымайтын болып шықты. Себебі ол анасы екеуі бір ай бұрын ғана көшіп келген. Қазір оның үйінде ешкім жоқ. Қала тұрғыны Сәуле Жекібаева қылмыс орнын көргендерідің бірі.

Сәуле Жекібаева, Шу қаласының тұрғыны:

"Мен өз көзіммен көрдім диванды. Дәлел бетінде тұр. Қанның бәрін көрдік, анықтаушылар бәрін бізге қол қойғызып алды. Бәрін көрдіңдер ғой анық зорлық болды",- деді.

Осы оқиғадан соң кейбірі тұрғындар үйімізден шығуға қорқып қалдық дейді. Оған негіз де жоқ емес. Себебі ел арасында күдікті жәбірленушіге «азғындық жасамаған» деген қауесет тарапты. Сафият Нысанбаева, Шу қаласының тұрғыны:

"Мен қорыққанымнан екінші күн жұмысқа шықпай отырмын. Он жастағы қызым бар. Ал ертең ол жігітті босатып жіберсе қайда барамын мен.",- деп шағымданады.

Өлім аузынан қалған бүлдіршін аудандық ауруханада жатыр. Алғашында оның хәлі өте ауыр болған. Қазір беті бері қарапты. Бірақ дәрігерлер оның денсаулығына қатысты тілшілерге толық мағлұмат бермеді.

- Бүлдіршін қандай жарақат алған?

- Оны айта алмаймын

- Кішкентай бүлдіршін қандай жарақат алған, азғындықтың белгілері бар ма?

- Мен ештеме айта алмаймын. Менде ата-анасының маған жазған арызы бар, ешқандай БАҚ-на ешқандай ақпарат бермеймін.

Облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты ресми ақпарат бермей отыр. Бірақ ауданда ауыр қылмыстың болғанын, әрі күдіктінің қамауға алынғанын облыстық сот растады.

Динара Қыдыралиева, Жамбыл облыстық соты ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

"Шу аудандық сотының 19-шы маусым күні шыққан қаулысына сәйкес, айыпталушыға тамыз айына дейін санкция берілген. Айыпталушыға ҚР қылмыстық кодекстің 120 бабы, 4 бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни зорлау, көрнеу жас балаға қатысты жасаған қылмыс.",- дейді.

Бізге белгілі болғанындай, күдікті бұған дейін істі болмапты. Ол қазір уақытша ұстау абақтысында жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір