• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 00:11:04
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

22 Маусым, 2019 NEWS

Құнанбай мешітіне қатысты дау: Кім жеңеді?

Бірі жақсы атаққа, бірі жаңа мешітке ие боламыз дей ма, анығын Алла біледі.

Сары-Арқаның төрінде орналасқан қасиетті Қарқаралы. Әргі-бергі тарихта орны ерекше болған Қарқаралы. Қазақтың игі-жақсылары мекен еткен Қарқаралы.

Міне, осы Қарқаралыда бой көтереген Құнанбай қажы мешіті жөніндегі ойларыммен сіздермен бөліспекшімін. Мәселе мынада, кәзіргі Қарқаралы ауданының әкімі Мақсутов Халелдің аудан имамы Қуатбеков Асқардың қолдауымен Құнанбай қажы мешітінің жұмысын тоқтатып, мұражайға айналдыру әрекеттері. Бірі жақсы атаққа, бірі жаңа мешітке ие боламыз дей ма, анығын Алла біледі.

Бұл қайғылы оқиға былтырдан бастау алады. Оған мән беріп, оны елеген адамды өз басым көрмедім. Керісінше қолдау көрсетіп жүрген халықты ғана көрдім. Олардың осындай халге түсуі Қарқаралы тарихын мүлде білмеуі деп білемін. "Қарқаралы жер жаннаты, Қарқаралы екінші Швейцария, тарихи мекен" сияқты сөздер айтқаннан басқа түк білмеуі. 

Ал енді, Қарқаралы тарихына қарайтын болсақ 1824 жылы Қарқаралы округ болып ашылады. Сол заманның тарихнамасында Қарқаралы Ресей патшалығының қазақ даласының төрінде орналасқан ең мықты әскери бекінісі екенін білеміз және онда мұздай қаруланған, әр сәтте қазақтың қанын төгуге даяр тұрған казак жазалау жасағы орналасқанын білеміз. Қазақтың ажалы орналасқан жер деседе болар еді. 
1849 жылы Құнанбай аға-сұлтан болып сайланадыда мешіт құрылысына кірісіп кетеді. Енді, бұл жерде барлық тарихты айтудың қажеті жоқ, білгісі келген адам оны кітаптанда оқып біледі. Мешіт құрылысы 1851-і жылы аяқталғанда Қарқаралыда небары бір-екі қазақ отбасы ғана болады. Дана Құнанбай мешіт айналасынан жер алдырып, қазақтың игі-жақсыларын Қарқаралыға қоныстандырған. Бұл деректердің барлығы Алматыдағы мемлекеттік мұрағатта сақтаулы. Енді, осы деректерге сүйенетін болсақ Құнанбайды Қарқаралының негізін салушы дей аламыз. Қарқаралы бұдан бұрын тек Ресей империясының әскери бекінісі болған, онда мұсылмандардан тек саудагер татарлармен өзбектердің бірнеше отбасы болған. Бұл аздаған тарихи дерек.

Енді, кәзіргі жағыдайды айтар болсақ, былтыр аудан әкімі Қарқаралыға кіреберісте жаңа мешіт салдырмақшы дегенді естігенде өте қуандық. Бірақ, қуанышымыз ұзаққа бармады. Себебі, мешіттің негізін салу рәсімінде сөйлеген аудан әкімі Құнанбай мешітінің аудандық статусын жаңа мешітке беріп, Құнанбай мешітін соған қарасты етпеші екеннін айтуында болды. 

Бұл қалай болғаны? Құнанбайдан кейінгі бұл Қарқаралыда екінші полковник менмін деп бірі есерсе, екіншісі мен Құнанбайдан артық мешіт саламын деп жүр ма?

Міне, осы сәттен әкімнің жаман ниеті біліне бастады. Біраз уақыт өткеннен соң, құрылыс қарқынды жүріп жатқанда әкім зейнеткерлерді жинап, имамды шақырып, Құнанбай қажы мешітін мұражайға айналдыру мәселесін көтереді және олар оны қолдайды. Мешітті жабу керек дегендегі уәжі, мешіт өз-өзін қамтамасыз ете алмайды дейді, жарықпен жылуын төлей алмайды дейді, сондықтан мемлекет қарамағына беру керек оны былай қор қылмай дейді. Бұл мешітке түскен садақамен жылуымен жарығын төлеп тұрған түгілі екінші мешіт салсаң болатын шығар. Жә... Бұл әкім жоғарыдағы тарихты білмейді ме, имам Құдайдан қорықпайды ма? Совет өкіметі орныққан соң Құнанбай қажы мешітін бұзбақшы болғандар мертігіп өлді, мешіттен басқаға айналдырамыз дегендер де оңған жоқ. 

Жақсы. Уақыт өтті, жаңа мешіт уақытылы қолданысқа берілмеді, құрылысы тоқтады. Мен: "Құдайға мың шүкір!" дедім. Түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылып жүрді, жері заңдастырылмаған, электр тартылмайтын болды дегендей, бірақ, оның барлығы маңызды емес еді. Маңыздысы құрылыс тоқтады! Бірақ, бұл қуанышымда ұзақ болмады, биыл құрылыс жанданды. Е, бірақ, бұлда түк емес екен. Тағыда әкім, зейнеткерлер және имамның қолдауымен мешіт жанына әкеліп Құнанбайдын мүсінін орнатты. Әрине, біз қарсы болдық. Егер әкім елмен ақылдасқанда, мен міндетті түрде мүсінді әкімшілік алдына орнатуды ұсынар едім және ұсындымда, бірақ, ол құлақ аспады. Кәзір әкімшілік алдында Боқты көтерілісін аяусыз басқан коммунарлардың үлкен мануметі тұр.

Мейлі... Ондада өз білгенін қылды. Ал енді, тақауда қайтадан мешітті мұражайға айналдырамыз деген әңгіме жаңғырып шықты. Имамға барсақ: «Жоқ, мешіт жабылмайды. Мешіт енді мешіт-музей деп аталадыда бір бұрышына тарихи жәдігерлер қойылады» дейді. Сонда бұл не қылғаны? Азан айтылмаса, Жұма намазы оқылмаса, қызықтаған халық ішінде шұбырып жүрсе не болмақ? Құдайды да, діндіде, Құнанбайды да мазақ қылғанығой мынау! 

Өз басым бұны дінге қарсы арнайы әрекет деп білемін. Мешіт жабылса бұдан тек Қарқаралы ваххабистері ұтады. Ел үшін, дін үшін жаным пида деп мешіт салған Құнанбай, сол мешіттен намаз оқып, дұға қылып, әрекет еткен Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбайұлы сияқты қазақтың марқасқаларына пысқырыпта қарамауы деп білемін. 

Міне, осы күнге дейін мешіттің жабылуына арналған үш қадам жасалды. Біріншісі: жаңа мешіт салынып Құнанбай қажы мешітінің статусына иелену, екіншісі: мешіт жанынан Құнанбайдың мүсінін орнату, үшінші: мешітті жартылай мұражай қылу.

Осы мақаланы жазып отырғанымда мешітте жиналыс болды деген хабар жетті маған. Онда аудан әкімінің орынбасары Алиев Сайлау мешітке келіп, жоғарыдан хат келді деп бір хаттты оқып беріпті. Сөйтіп: "Абайды Абай қылған Құнанбай, сондықтан Құнанбайды танытуымыз керек" деп, бұл президент Қасым-Жомарт Токаевың ұсынысы депті. Күлейін бе, жылайын ба? Президент мешіттің жылуымен жарығы төленбей жатқанын қайдан біледі? Білген күні барлығын реттеңдер демей ме, әлде мешітті жауып тастаңдар дей ме?... 
Сонымен кім жеңеді? Әлемдердің Раббысы болған Алла ма әлде ақылдарынан адасқан пенделері ма?
Кімнен қорқамыз? Алладан ба, әкімнен ба, имамнан ба? Жауабы белгіліғой. Қазағым: "Құдайдан қорықпағаннан қорық" дейді.

Автор: Төлеутай Ерболат Жақсылықұлы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір