• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:32:52
Алматы
+35°

22 Маусым, 2019 NEWS

Әміржан Қосанов: Бұл сатқындық емес (видео)

Ауруханадан шыққан Әміржан Қосанов сайлауға қатысты қорытынды сұхбат берді

Қазақстан Республикасы Президентіне экс-кандидат, журналист Әміржан Қосанов Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасында сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрсұлтан Құрман Әміржан Қосановпен сұхбатты бір-екі апта бұрын өткізбек болған екен. Экс-кандидаттың денсаулығына байланысты сұхбат 21-маусым күні болды.

Сөз арасында Әміржан мырза:

«Әр саясаткердің өз шешімі болады. Бұл менің қазақтың қара баласы, журналист, саясаткер Әміржан Қосановтың шешімі. Бұл сатқындық емес.  Сайлаудың өзінде тактика, стратегия болады. Алдымен бүкіл мені қолдаған 1,5 миллион қазақстандықтарға алғысымды айтамын. Олар мені қолдаған жоқ. Мен ұсынған жобаларды, бағдарламаны, менің өзгеріс талап еткенімді қолдады. Биліктен шаршаған азаматтар, мен арқылы билікке наразылығын білдірді деп білемін. Екіншіден мен бір тиын ақшасыз үгіттеу жүргізген, автошеру жасаған азаматтарға алғысымды айтамын. Үшіншіден, әрине алғысым бақылаушыларға. Тағы да қайталап айтамын, олар Әміржанның бақылаушылары емес, әртүрлі ұйымдардан келген бақылаушылар. Олар қоғамды оятты. Сайлаудың феномені – бақылушылар десем де болады. Олар Қосановтың емес, сайлаудың қалай өткенін бақылайтын бақылаушылар. Біз 30-40 пайыз төңірегінде қолдауды сезіндік. Барлағына да алғыс...»,- деді.

Сайлаудан басқа да әңгіме қозғаған Нұрсұлтан Құрманның қонағы еліміздегі біраз жайтты да талқылады. Оппозиция жайлы пікірін білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір