• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 20:15:07
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

25 Маусым, 2019 NEWS

Арыс апаты кезінде жас келіншек босанды

Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырғандарын айтты

Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырғандарын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

24 маусым күні Арыста Ұлттық біріңғай тестілеу болды. Министрлік өкілдері ҰБТ өткізу үшін жіберілді. Жарылыс болған сәтте олар тестілеу пунктінде болды.  

"Жарылыс болған уақытта не істерімізді білмей, қаша бастадық. Қаланы білмегендіктен, қайда барарымызды білмедік. Аяғымыз қансырай жүгірдік. Сыртта көліктер балаларды алып кетіп жатты. Біз балалар барсын деп, көлікке отырмадық. Жаяу жүрдік. Бір кезде жас жігіт тоқтады. Есімі Досмұхамед. Бізді 41-ауылға дейін жеткізіп тастады. Жол бойында әжелерді, балаларды алды", - дейді БҒМ қызметкері Жанат Нұржұманова.  

Олар жүкті әйелді көріп, босануға көмектескен. Балбөпе Өтенова мен Жанат Нұржұманова, Шайза Доскаева, Ақжар ауылында барар жолда жүкті әйелді босандырды.  

"Жүкті әйел өте мықты екен. Таңертең толғағы басталып, Арысқа ауруханаға барған. Алайда жарылыс болып, ол жерден акушермен бірге қашқан. Бірнеше шақырымды жаяу жүрген. Біздің көлік тоқтағанға дейін жаяу жүріпті. Жүкті әйелдің шыдамы тауысылғанда бірінші кездескен үйге тоқтадық. Бәрі сәтті өтті", - деді Балбөпе Өтенова 

Айтуынша, сәби үлкен болғандықтан босану қиын болды.  

"Бойжеткен қуаныштан баласының есімін көлік жүргізушісінің құрметіне қоймақ еді. Өміргекелген сәби қыз бала болды. Сондықтан жүргізушінің анасының есімімен Камила деп қойды", - дейді ол. 

Босанған әйелдің есімі Кенже. 1996 жылы туған қыз. Бұл оның екінші баласы екен. Министрлік қызметкерлері әйелдің күйеуіне әке болғанын хабарлап, өздері әрі қарай кетті. Қазір қызметкерлер Нұр-Сұлтанға қайтуда. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір