• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:32:17
Алматы
+12°

27 Маусым, 2019

Шымкент теміржол ауруханасының терапия бөліміне зардап шеккен 50  адам орналастырылды

Бұл туралы  Шымкент теміржол ауруханасының директоры Жадыра Агишанова хабарлады. 

Шымкент теміржол ауруханасының терапия бөліміне  Арыс қаласында болған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен 50  адам орналастырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы  Шымкент теміржол ауруханасының директоры Жадыра Агишанова хабарлады. 

Арыс 2019

–Дәрігердің қадағалауын қажет еткен адамдардың басым бөлігі  аналар мен балалар, қан қысымы  және дене қызуы көтерілген Арыс қаласының тұрғындары. Атап айтқанда,  аяғы ауыр  3 келіншек, оның бірінің айы-күні келіп отырған көп балалы ана, 14 жасқа дейінгі 17 бала,  бірі – бес айлық сәби.  Одан бөлек,  аурухана мамандары теміржол вокзалында,  орталық мешітте және 56 мектепте  шоғырланған халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуде.  Жалпыға ортақ мәселе құжаттарының және медициналық, алмасу карталарының болмауы.

Арыс 2019

Екі күн ішінде  500-ге жуық тұрғын   дәрігердің көмегіне  жүгініп, оның 200-ге жуығына Шымкент теміржол ауруханасының мамандары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, өз бақылауына алды.  Қан қысымының көтерілуі, қан құрамындағ қант мөлшерінің артуы, балаларда ауыз қуысының  шырышты қабатының қабынуы, дене температурасының көтерілуі сынды белгілер кездесуде.  Сондай-ақ  гигиеналық құралдармен,  қажет киім-кешекпен  және     тамақпен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда, - дейді Шымкент теміржол ауруханасының директоры Жадыра Агишанова.

.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір