• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 00:13:09
Алматы
+12°

27 Маусым, 2019

Премьер-министрдің орынбасары: Ең бірінші кімдердің несиесі жабылады?

"Олар супертеледидарлар мен iPhone сатып алып, оған несие рәсімдеп жүрген жоқ".

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова президент бастамасымен ең алғашқы болып кімдердің несиесінің пайыздық үстемесі өтелетіні туралы түсініктеме берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Біріншіден, бұл көмекті көпбалалы аналар, қамқоршысын жоғалтқан отбасылар, 18 жастан асқан мүгедектерді бала кезінен асырап келе жатқан отбасылар, мемлекеттік жәрдемақы алатындар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз өскен 29 жасқа дейінгі азаматтар", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

"Соңғы екі-үш ай ішінде біз халықпен облыстарда, елордада көп кездестік. Азаматтарды да барынша қабылдадық. Біз бұл сұрақты талқылау барысында аталған санатқа қандай да бір айфон, теледидар сынды қымбат заттар алған азаматтар кірмейді. Олардың табысы ішіп-жеуге, дәрі-дәрмекке, емге жетпейді деп ойламаймын", - деп төтесінен тартты орынбасар.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өмір сүруі қиындаған азаматтардың несиесін өтеу туралы бұйрық шығарған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір