27 Маусым, 2019 NEWS
Ержан Тұрғымбай: Арысқа барушы болмаңдар (видео)
Италиядағы қазақ оппозиционер" Шымкентте митингке шыққан арыстықтар жайлы айтты
Италиядағы оппозиционер Тұрғымбай Ержан Шымкентте митингке шыққан арыстықтар жайлы өзінің Youtube арнасына видео жүктеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оппозиционер алдымен Шымкенттегі митинг видеосын жүктеп, сол жерде болып жатқан оқиғаға қысқаша түсініктеме беріп өтті. Артынша ол ресми мәліметтер берген ақпаратты еске салды.
"Шымкенттегі арыстықтарға көмекті үкімет емес, халық беріп жатыр. Адамдар жылап жатыр, "мүлдем ақшасыз жүрміз" деп. Жаңа болған митингке облыс әкімінің кеңесшісі келді. "Ертең жөндеу жұмысы бітіп, Арысқа қайтасыздар" дейді халыққа. Ал, оған көніп отырған адам жоқ. Дұрыс айтады. Себебі осы қоймада 150 мың тонна снаряд сақталған. 10 жыл болған қоймада 4 рет жарылыс болды. Олар бірақ кішкентай болды. Бұл жайлы Тасмағамбетов та айтты, Мыңбаев та айтты. Ол кезде де миллиондап ақша бөлінді. Бірақ ештеңе шешілген жоқ. Бақыт Құрманбаев бұл қоймаларды жоямыз деп мәлімет берген екен. Назарбаев бір күндік жалақысын Арыс тұрғындарына аударыпты. 28-маусым күні қайтарамыз депті қалаға, халықты. Осы сөзді Абаев та айтты. Бұл жайлы облыс әкімінің кеңесшісі халыққа жеткізіп жатқан. Басқалар ештеңе дей алмай отыр. Бақытжан Ертаев мәжілістің бірнеше депутаты Арыста деп айтқан, мен ешкімді көрмедім. Мен Ертаев мырзаны эфирге шақырсам деп едім. Халыққа түсінікті болу үшін. Қорғаныс министрін де шақырамын. Қойманың қашан жойылатыны жайлы сөйлессек. Ал, Арыс тұрғындарына айтарым. Бармаңдар! Қауіп әлі сейілмеген. Зорлап алып барса да, бармаңдар. Барушы болмаңдар. Қанша қару жарақ қалғанын бір Құдай біледі. Ол қойманы көшірмей, ол жерге баруға болмайды.",- дейді Ержан Тұрғымбай.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс болған жарылыстан кейін Шымкентке эвакуацияланған халық "Біз Арысқа қайтпаймыз" деп митингке шыққан болатын. Олар жолды жауып, мешіттің ішінде де шу көтерген. Басты талап – Шымкенттен үй берілсін дейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір