01 Шілде, 2019 NEWS
Шекарада жер сілкінісі орын алды
Жер сілкінісі 1 шілде күні Алматы уақытымен 07 сағат 14 минут 27 секундта тіркелген
Қырғыстан мен Тәжікстан шекарасында жерсілкінісі орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасай отырып.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 618 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісі 1 шілде күні Алматы уақытымен 07 сағат 14 минут 27 секундта тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.1. MPV магнитудасы - 5.2",- делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір