• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:14:48
Алматы
+12°

01 Шілде, 2019

Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен Жамбыл облысынан бір топ азаматтар Арысқа барды (фото)

Бүгінде қаладағы шипажай аумағында Жамбыл облысының штабы орналасқан. Онда керекті құрал-саймандар, палаткалар қамтылған. 200 адам құрылысқа сақадай-сай.

Арыс қаласында төтенше жағдайлар орын алған күннің ертесіне-ақ өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен Жамбыл облысынан бір топ азаматтар оқиға орын алған аумаққа келіп жеткен болатын деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ақ жол ауылындағы штабта қызу жұмыс басталып, облысқа тиесілі 3- сектор бойынша түгендеу шаралары бірден қолға алынған. Жалпы, 3-секторда 327 жеке тұрғын үй, 13 коммерциялық бағыттағы нысан бар.

Арыс

Бүгінде қаладағы шипажай аумағында Жамбыл облысының штабы орналасқан. Онда керекті құрал-саймандар, палаткалар қамтылған. 200 адам құрылысқа сақадай-сай.

Арыс

Одан бөлек бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап қалаға оралып жатқан арыстықтарды қабылдауға 100 адам бөлінді. Олар өзімізге қарасты 9 көше бойынша арнайы топтарға топтасып, тұрғындарды қабылдап, жайғастырумен, үйлеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысуда. Бөлінген топтардың құрамында жергілікті полиция, прокуратура органдарының қызметкерлері, саперлар және өзге де мамандар бар. Жергілікті жердегі ақсақалдар да түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылуда.

Сондай-ақ,  дәл қазіргі уақытта бөлінісіміздегі аумақта зерттеп-зерделеу шаралары атқарылып, қажеттіліктер анықталуда. Нақты қажеттіліктердің көлемі анықталған соң, жобалық сметалық құжаттар жасалып, тиесілі қаражат бөлініп, қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстары бірден басталмақ.

Арыс

Жамбыл облысына тиесілі 3-сектор жарылыс ошағына өте таяу орналасқандықтан, мұндағы тұрғын үйлер мен нысандардың басым бөлігінде ақаулардың бары анықталған. Екі жеке тұрғын үй мүлде жарамсыз жағдайда. Алайда, тиісті есептеулер жүргізілгеннен соң, барлығы толығымен қалыпқа келтіріледі.

Арыс

Айта кетейік, жапа шеккен арыстықтарға қолдау көрсету мақсатында барша жамбылдықтардың атсалысуымен бүгінге дейін 75 тонна азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жеткізілді. Өңірдегі «Нұр Отан» партиясының облыстық және аудандық филиалдарында қабылдау пунктері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта жиналған заттар тағы да жіберілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір