• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:02:49
Алматы
+35°

Ақын Әсия Беркенова қазақ мектептері жабылайын деп жатыр деген шулы ақпаратқа қатысты ұсыныс жолдап, өтініш білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қостанай қаласының орталығындағы №24а бастауыш мектебінің төңірегіндегі дау-дамай таусылар емес. Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын 24а бастауыш мектебі Бородин көшесінде орналасқан бұрынғы кәсіби-техникалық колледждің ғимаратына көшіріледі дегенді естіп, ата-аналар наразылық білдірген болатын. Олар қала әкімі Қайрат Ахметовпен кездесіп, облыс әкімі мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция жазды.

Ал осы жағдайдан кейін  «Қостанай қаласындағы жалғыз мектеп жабылғалы жатыр»  деген ақпарат тараған болатын. Осы жағдайды іштен біліп, басы-қасында жүрген әйгілі айтыскер ақын Әсия Беркенова ел азаматтарын сабырға, осы жәйттің ақиқатын бірге іздеуге шақырды. Сонымен қатар, қаладағы 6 қазақ мектебі мен биыл ашылғалы жатқан 7- қазақ тіліндегі мектептің ғимаратын аралап, бар шындыққа бірге көз жеткізуді ұсынды.

"Елдің жағдайына жаның ашып, соның рас-өтірігіне, ақиқатына көз жеткізгіңіз келсе, елімізге келіп қаладағы алты мектепті, ашылайын деп жатқан жетінші мектептің ғимаратымен таныс болуды ұсынар едім.  Ешкімге болысып, билікке бас ұрайын деп жатқаным жоқ. Дегенмен де әркім өзінің көргісі келетінін көреді, іздегенін көреді", - деді Әсия Беркенова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір