• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:27:41
Алматы
+12°

04 Шілде, 2019 Әлеумет

Ринат Заитов сайлаудан кейін алғаш рет айтысқа қатыспақ (видео)

Ринат Заитов одан бөлек тағы бірнеше мәрте айтысқа қатысушылардың тізімінде аталып, бірақ айтыс өтетін күні "тізімнен сызылған".

Айтыскер ақын Ринат Заитов Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қабанбай ауылында өтетін "Ел айбыны, жыр айдын - Алакөл" атты айтысқа қатысады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды. 

Айтыскерлер одағының мәліметінше, Үржар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен  13 шілдеде өтетін айтысқа Заитовтан бөлек, Аспабек Шұғатаев, Рүстем Қайыртайұлы, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов және т.б айтыс ақындары қатысады. 

Ринат Заитов Қазақстанда 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауының алдында халықты сайлауға шақырып, белсенділік танытты. Сайлаудан кейін 10 маусымда сағат 18.00-де ақын Алматы қаласындағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының алдында бір топ бақылаушылармен бірге "сайлаудың әділетсіз өткенін", алдағы уақытта өзінің "партия құратын ойы бар" екенін айтып, алаңға шыққан. Арнайы жасақ пен полиция өкілдері Заитовты алаңда сөйлеп тұрған жерінен ұстап,  Алматы қалалық полиция департаментіне алып кетті.  

10 маусым кеш батқан кезде Алматы полиция департаментінің алдына мыңға жуық адам жиналып, биліктен Ринат Заитовты босатуды талап етті. Олардың арасында өнер адамдары, ақындар, журналистер және т.б. танымал адамдар болды. Заитовтың өзі жиналғандарды тарауға шақырып, халықтың алдына келді. 

Сол оқиғаның ертесінде Ринат Заитовтың Ютуб желісіндегі жеке арнасындағы видеолар түгелімен жойылып, ақынды "жоғалтып алғандар" көп болды. Әлеуметтік желіде біраз адамдар  "Заитов биліктің айтқанына көнді" деп сынаса, оның жақтаушылары ақынның "өміріне қауіп төне ме" деп алаңдады.

12 маусымда белгілі ақын, "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрғасы Жүрсін Ерман  Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне Ринат Заитовтың қай жақта жүргенінен хабарсыз екенін, 16 маусымда Ақсуат ауылында өтетін айтысқа қатыстырылмайтынын айтып берді.

Ринат Заитов одан бөлек тағы бірнеше мәрте айтыстақа қатысушылардың тізімінде болып, бірақ айтыс өтетін күні "тізімнен сызылған".

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір