• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 22:07:44
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

05 Шілде, 2019 Ұлт болмысы

Қазаққа "әжетханаға баруды үйреттік" дейтіндердің құлағына алтын сырға

Қазақтарда медицина болған емес, кейіннен орыстардан үйренген

2004 жылдың шілде айында емханамызға Англиядан арнайы келген профессор:

– Сіздердің ата-бабаларыңызда өзіндік қалыптасқан медицина, шипагерлік болған ба, жоқ әлде, кейіннен үйрендіңіздер ме? – деп сұрақ қойды.

Осы сәтте бізде істейтін профессор орыс әйелі бірден:

– Қазақтарда медицина болған емес, кейіннен орыстардан үйренген, – деп қойып қалды. Мен орыс әйелдің сөзін аяғына дейін сабырмен тыңдап болдым да, ағылшын дәрігерге былай дедім:

– Сізге мысал ретінде екі мәселені айтайын, сосын біздің ата-бабамызда медицина болып-болмағандығын өзіңіз шешіңіз.

– Жақсы.

– Сіздерде ас қорытуға қажетті маңызды ферментті бөлетін безге “Pancreas” дейді. Бұл “тасбақаның жотасындағы тасы, яғни, сауыты” – дегенді білдіреді. Яғни сіздер бездің сыртқы ұқсастығына, оның түріне қарап осылай атағансыздар. Ал орыстарда “поджелудочная железа” дейді. Олар да асқазанның астында орналасқандығы үшін осылай атаған. Екеуі де көзбен көргеніне қарап атау берген. Ал біздің ата бабаларымыз “ұйқы безі” дейді. Себебі бұл без жұмысын тоқтатқан жағдайда, адам комаға, яғни ұйқыға кетеді. Егер ата-бабаларымызда медицина болмаған болса, онда аталмыш бездің комаға себеп болатынын қайдан білген? – дегенімде, ағылшын профессоры үнсіз басын шұлғыды.

– Сосын ген ғылымы дамығаннан кейін ғана ғалымдар түрлі аурулардың неше атаға дейін тұқым қуалайтындығын дәлелдеп отыр. Ал біздің ата-бабаларымыз жеті атаға дейін қыз берісіп-алысуға тыйым салған және бұл тыйым әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Қазақтар медицинаны білмеген болса, олар ғылым енді ғана біліп жатқан аурудың неше атаға дейін тұқым қуалайтындығын қалай білген? – дегенімде, әлгі профессордың көзі шарадай болып:

– Шынымен де сіздерде жеті атаға дейін үйленуге болмай ма? Бұл ғажап екен. Ғажап! Мынандай халықта “медицина болмады” деуге әсте болмайды, – деді таңданысын жасыра алмай. Ал ана профессор орыс әйел: “Ерсин Турсынханович, я эти моменты не знала” – деп қайта-қайта кешірім сұрады.

Ойланатын дүние. Мұндай мысалдар өте көп. Ендеше біздер ата-бабамызбен мақтануымыз қажет. Алайда, бұл мақтаныш өз-өзімізді жұбату үшін емес, шабыттандыру үшін керек.

Ерсін Тұрсынханұлы, травматолог

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

6 пікір

Виталий 05 Шілде, 2019

Сам работаю в медицине,считаю очень правильная статья,очень чистый народ во всех смыслах.

әбілмажнүн 05 Шілде, 2019

Әрине таза халықпыз әлемдегі қаны таза халық қазақ болған тек кезінде орыстар келіп бүлдірмегенде аздырып

Жамен 05 Шілде, 2019

Ал баланы бес!кке болеу, сундетке отыргызу денсаулыгын

Баянбек 05 Шілде, 2019

Сосын орыстар айтатын мағынасы жоқ бабье лето, бізде мағынасы бар тырнаның шуағы. Құралайды да Қазақтар білген.

Ескен 05 Шілде, 2019

Неге шет елдіктер біздің балаларымызды асырап алуға құмар себебі қаны таза

Ескен 05 Шілде, 2019

Неге шет елдіктер қазақтардан бала асырап алуға құмар себебі қан таза

Ескен 05 Шілде, 2019

Неге шет елдіктер қазақтан бала асырап алуға құмар себебі қан таза