07 Шілде, 2019 Барлық аймақтар
Алматыда дисней хиттары қазақ тілінде шырқалды
Алматы Disney компаниясының лицензиясымен ресми киноконцерттер өтетін әлемдік астаналар тізіміне енді
Алғаш рет отандық әртістер Disney-дің көпшілік ықыласына бөленген анимациялық фильмдеріндегі танымал санундтректерді қазақ тілінде шырқады. Данияр Өтеген, Нұрмұхаммед Жақып, Адам, Кентал, Данелия Тулешова, Ерден Жақсыбеков, Инди Еділбаева, Жарқынай Шалқар, Балжан Бидаш симфониялық оркестірдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән салып, көрерменге өнерлерін паш етті.
Қазақстан үшін арнайы жасалған бағдарлама диснейлік киноконцерттің ресми бағдарламасына "Мұзды жүрек" ("Холодное сердце"), "Аң патшасы Арыстан"("Король Лев"), "Су перісі" ("Русалочка"), "Ару мен құбыжық", (Красавица и чудовище") "Мулан", "Аладдин", "Покахонтас" сияқты барлығы 22 мультфильмнің компазиция енді.
"Бүгін біз Disney-дің ең үздік әндерін алғаш рет қазақ тілінде өз әртістеріміздің орындауында тыңдап отырмыз. Бұл біздің Астана күні мерекесіне орай балаларға жасаған сыйымыз. Мен ТМД-дағы Walt Disney команиясына және бүгін біздің арамызға отбасымен бірге келген компания өкілі Игорь Макаровқа рақмет айтамын. Музыка балалардың бойында мейірім мен патриотизмді, адамгершілік қасиеттер мен кішіпейілділікті қалыптастырады" - деді "Болашақ" КҚ Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек.
"Жұлдыздар шеруі" қайырымдылық киноконцертінің аясында 7 млн теңгеден астам қаржы жиналды. Жиналған қаражат толықтай "Болашақ" корпоративтік қорының әлеуметтік жобаларына жұмсалады. "Әр бала мектепке баруы тиіс" жобасының аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Орал, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Алматыда инклюзияны қолдау үшін 20 кабинет ашылды.
Аутизм және басқа да менталдық сырқаты бар 248 бала мектепке баруға мүмкіндік алды. 2019 жылы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тағы да 20 кабинет ашу жоспарланған.
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді жетілдіруге жәрдемдесу мақсатында "Болашақ" КҚ бастамасы "Nur Otan" партиясының тарапынан "Кедергісіз келешек" республикалық жобасының аясында қолдау тапты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір