• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:37:54
Алматы
+35°

08 Шілде, 2019 Ғылым-білім

Оқу жылынан бастап қазақ мектептерінде "Дүние жүзі тарихы" пәні орыс тілінде оқытылады деген ақпаратқа Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан жауап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кешеден бері әлеуметтік желіде "Дүние жүзі тарихы" пәні оқу жылы басынан қазақ мектептерінде орыс тілінде оқытылады деген жалған ақпарат таратылуда.

Біріншіден, бұған дейін жазғанымдай, әлеуметтік желіде жарияланған «fake ақпаратқа» сенбеулеріңізді сұраймын. Бұның бәрін арандатушылық деп есептеймін.

Екіншіден, иә, расында, бұл мәселе осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген. Бірақ, сіздерге нақты сеніммен айта аламын, қазір жалпы білім беретін қазақ мектептерде Дүние жүзі тарихы пәні орыс тілінде оқытылып жатқан жоқ. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде осы пән оқыту тіліне байланысты, яғни қазақ сыныптарында қазақ тілінде, ал орыс сыныптарында орысша жүргізіліп жатыр, бүгінгі күні басқа жоспар жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір