• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 10:43:41
Алматы
+12°

10 Шілде, 2019 NEWS

Президентке Абайдың өлеңін оқытқан қыз кім?

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Абай өлеңдерінен үзінді оқудан эстафета басталды

9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Президентке эстафета жолдаған қыздың есімі Ләйлім-Шырақ Рысқали. Ол "balapan" телеарнасының жүргізушісі. 

"Дәл қазір мен әке ретінде ерекше толқып, шаттанып отырмын. Себебі, осыдан біраз уақыт бұрын Ләйлім қызым, Шынар Шәкен бастаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін оқу эстафетасын президентіміз Қасымжомарт Кемелұлына, Ақпарат министрі Дәурен Абаевқа және әнші Сәкен Майғазиев ағаларына жолдаған еді. Мен қызымның бұл эстафетасын ағаларымыздың аттарын белгілеп желідегі парақшама салғанмын. Енді міне, эстафетаны алғашқы болып президентіміз жалғады. Осы бастаманы қолдап, баланың көңілін жықпай, эстафетаны қабыл алып жалғаған президент Қасымжомарт Кемелұлына көп-көп алғыс айтамын.Рас, президентіміздің эстафетаны қабыл алып жалғастыруы күтпеген тосын сый болды. Енді бұл мәңгіге жанұиямыздың тариxында ерекше жылылық пен шаттық сыйлаған сәт болып қалары сөзсіз! Әрі Абайдай кемеңгер бабабымыздың шығармашылығын ерекше қадірлейтін әдебиет пен өнер сүйер қауымның да көңілін серпілткен дүние болды", - деп жазды Ләйлімнің әкесі Ерлан Рысқали өзінің фейсбук парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір