10 Шілде, 2019 NEWS
Бұрынғы вице-министр сот отырысында көзіне жас алды
Сот отырысында судья сотқа қатысушылардың жеке мәліметін сұрап жазып алған. Ал Эльмира Суханбердиева отбасы туралы айтқан кезде көз жасына ерік берген.
Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кешегі өткен сот отырысында өз кінәсін толық мойындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сот шешімі бүгін шығады.
Сот отырысында судья сотқа қатысушылардың жеке мәліметін сұрап жазып алған. Ал Эльмира Суханбердиева отбасы туралы айтқан кезде көз жасына ерік берген.
"4 балам бар. Ең .үлкені 27 жаста, ал одан кейінгісі 17-де. Тағы бірі 7 жаста, ең кішісі 3 жаста" - деді Эльмира Суханбердиева.
"Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 1-бөлігі бойынша 2 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (6 312 500 теңге) айыппұл салынсын. Оған қоса, белгілі бір қызметтерді атқаруға тыйым салынуы қажет, мүлкі де тәркіленсін", - деді прокурор Бекмағамбетов.
Ал Елена Шеверняеваға прокурор 500 АЕК көлемінде айыппұл салуды ұсынды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір