• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:28:40
Алматы
+12°

10 Шілде, 2019 NEWS

Сауд ханшасы "сантехникке" аяғын сүйгізген. Сот не шешті?

Сотқа Сауд Арабиясының ханшайымы келмеген. Ал іске қатысы бар күзетшісі кінәсін мойындамай отыр.

Париж қаласында 43 жастағы Хасса бинт Салман аль Сауд пен оның күзетшісінің үстінен қозғалған іс бойынша сот өтті. Сот Сауд ханшайымы мен оның күзетшісіне қару қолдану арқылы қатардағы жұмысшыға зәбір көрсеткені үшін жаза кесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Al Jazeera  сайтына сілтеме жасап. 

2016 жылы күзде ханшайым өзінің Париж қаласындағы пәтерінде осы қылмысқа барған. Оның күзетшісі техникалық қызметкерді ұрып, аяқ-қолын байлайды. Жәбірленушінің айтуынша, оқиғадан бұрын ол жуынатын бөлмені жұмыс мақсатымен суретке түсірген. Ал ханшайым суретке өзі түсіп қалдым, ал сантехник оны сатпақшы деп ойлаған. 

Сотқа тек күзетші ғана қатысты. Бинт Салман Сауд Арабиясында жүр. Өйткені, 2017 жылдың қарашасында француз соты оны тұтқыннан босатқан. 

Сот қорытындысында прокурор ханшайымды бір жарым жыл бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро көлемінде айыппұл салуды сұрады. Ал күзетші өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір