10 Шілде, 2019 NEWS
Қос бала құдыққа құлап кеткен
Маңғыстауда екі бала құдыққа құлап кетті
Маңғыстау облысының дәрігерлері әр түрлі уақытта құдыққа құлап кеткен екі баланы аман алып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
2019 жылы 3 шілдеде бір жасар бала облыстық балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілді.
2018 жылы дүниеге келген бала құдықтағы суға тұншығып қалған. Ата-анасының айтуынша, бала Тельман ауылындағы үйлерінің ауласындағы құдыққа құлап кеткен.
Дәл осындай жағдай 2019 жылы 30 маусымда тіркелген. Мұнайлы ауданындық балалар ауруханасына аса ауыр халде 2016 жылғы бала жеткізілген.
Дәрігерлер баланы дереу жансақтау бөліміне жатқызған. Бала бір тәуліктен аса комада болған. Қуанышқа орай реаниматологтар баланы комадан алып шыққан. Қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы жақсы. Ата-анасының айтуынша, оны құдықтан алып шыққан. Алайда оның онда қанша жатқаны белгісіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір