• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:49:39
Алматы
+35°

11 Шілде, 2019 NEWS

Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалған Тұяқбаевтың еңбек жолы

Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, РФ-дағы ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік етті.

2016 жылдың қазан айынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы.

2017 жылғы қарашадан бастап "Kazakh Invest "ҰК"АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір