• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:59:10
Алматы
+35°

10 Шілде, 2019 NEWS

Жаңа кітап жарық көрді

Жаңаөзендік жас ақынның жаңа кітабы жарыққа шықты. Республикалық ақындар мен күйшілер конкурсының лауреаты, түрлі байқаулардың жүлдегері Рамазан Тұрмағамбеттің «Құс жолы» өлеңдер жинағы оқырман қолына тиіп, оң бағасын алып үлгерді.

Рухани жаңғыру" мақаласы аясында шыққан кітапта ақынның түрлі тақырыптағы жырлары топтастырылған. Таралымы 300 дана. Басылымды автор өзі қаржыландырған.

Рамазан Тұрмағамбеттің әдебиет әлеміне бала кезден жаны құмар. Жастайынан қалам тербеп, түрлі тақырыпта өлең өріп жүр. Ақын табиғатпен тілдесіп, әдемі көріністерден шабыт алады екен. Осы уақытқа дейін қағазға түскен жүзге жуық жырлары «Құс жолы» атты кітап болып жарық көрді.

-Төлеген Айбергенов ағамыз айтпақшы, «Мен өлемін өзімнің» биігімде демекші,әр ақынның өзінің биігі,ұшатын шыңы бар.Сол сияқты,өлеңдеріміз биіктесін,қалықтасын деген ниетте тақырыпты осылай алдық. Кітап болып жинақталуына үлкен көмек берген Мұрат Жетекбай және Нияз Тобыш деген ағаларымыз үлкен ықпалын тигізді, - дейді ақын Рамазан Тұрмағамбет.

Жуырда тұсауы кесілген жаңа жыр жинағы сүйікті оқырмандарын тауып үлгерген. Өйткені, кітаптан туған жер, табиғат, ата-ана, махаббат туралы түрлі тақырыптағы туындыларды кезіктіруге болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір