• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Мамыр, 16:25:52
Алматы
+35°

11 Шілде, 2019 Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік туғанына ризамын! (видео)

Менің бұл қызығушылығымды өздеріңіз жақсы білесіздер. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысуға толық мүмкіндік туғанына ризамын!

10 шілдеде Қазақстанның Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалған Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің жаңа қызметке келгеніне риза екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы экс-мәдениет және спорт министрі өзінің Facebook парақшасында жазды.

Мұхамедиұлының жазуынша, ол бұрыннан бері археологиямен айналысқысы келген. 

"Достарым, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалғаным көбіңізге белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлына маған артқан сенімі үшін алғысымды білдіре отырып, сіздермен қуанышыммен бөліскім келеді, менің кәсіби тұрғыда айналысқым келетін іс те, елімізде жаңа деңгейге көтеруді керек ететін сала - археология. Менің бұл қызығушылығымды өздеріңіз жақсы білесіздер. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысуға толық мүмкіндік туғанына ризамын!

Қазақстан қойнауы құпиялар мен қазынаға толы, тарихтан сыр шертетін жерлер қаншама! 
Сіздермен барлық жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламын. Құттықтауларыңызға көп рақмет!", - деді музей директоры өзінің жазбасында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір