• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:47:04
Алматы
+12°

11 Шілде, 2019 Саясат

Тағдыр тәлкегіне түскендерді тәрбиелеу – басты парызымыз

Жалпы адам баласының өмірінде әртүрлі жағдайлар болады. Қоғамда тағдыр тәлкегіне түсіп, айыпты болып, абақтыға қамалып, айыбын өтеп жатқандар да баршылық. Бірақ қалай айтқанда, олар – адам. Сондықтан жаза басқандарды түзеу, тәрбиелеу қоғам мен арнайы орындардың басты міндеті болып қала бермек.

Ал біздің  1967 жылдан бері келе жатқан өткен жылы негізі қайтадан қаланған ОВ-156/1  мекемесі тергеу изоляторы ретінде жұмыс істейді. Бұл айыпты деп танылып, күдікке ілінген азаматтарға арналған орын екенін айта кеткен жөн. Тергеу изоляторына тоғытылғандар мұнда шаруашылық жұмыстарымен айналысады. Олардың барлығы да бұл жерде қалмайды, оларға қатысты тиісті критерийлер бар. Анығын айту керек, шаруашылық жұмысын атқаратындар мерзімді уақыты бес жылға дейін кесілгендер, олар –мекемеде орташа қауіпсіздік дәрежесінде жазасын өтеп жатқандар. Оларды мұнда шаруашылық жұмыстарына қалдыру ең алдымен өздерінің келісімі бойынша және мекеме басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Жазасын өтеп жатқандармен тәрбие жұмыстары Ішкі істер министрлігінің №508 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Әрине түзеу мекемесінде тиісті заңдылықты сақтай отырып, олардың білімі мен мәдени деңгейін көтеріп, пайдалы істермен айналысуға, әртүрлі шараларға қатысуға барлық жағдай жасалған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ДУИС бөлімі ОВ-156/1 мекемесінің басшысы, юстиция подполковнигі Қанат Құмарканұлы Жүсіпов заң талаптарын қатаң сақтап, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмектің жасалуына бар жағдай жасап отыр.  ОВ-156/1  мекемесінде қылмыстық-атқару қызметіне орай, әлеуметтік-құқықтық, адамгершілік қағидаларын сақтау бағытында арнайы ережеге сәйкес, барлық шаралар жасалынып тұрады. Күн тәртібінде дағдыға айналған ережеге орай, таңертеңгілік тексеру жүргізіліп, содан кейін жазасын өтеп жатқандар өздеріне тиісті жұмыс орындарына аттанады. Оларға күн сайын арнайы дәрістер оқылады. Әрбір сотталушымен өзінің жасаған қылмысына сай, олардың әрқайсысының  ерекшеліне орай әңгімелесу өткізіліп, тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Жазасын өтеп жатқан әрбір сотталушымен біздің мекеменің психологтары түйткілді жағдайлардың алдын алу үшін жеке әңгімелесу өткізеді. Сондай-ақ психологтар жаза басқандармен арнайы тренинг өткізуді дәстүрге айналдырған. Олардың көңіл күйін көтеріп, мінезіндегі эмоционалдық жағдайды төмен түсіру үшін мекемеде жаттығулар, арт-терапия амалдарын пайдалану арқылы әртүрлі жағымды іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

Жұмыстың қиын әрі күрделі екендігіне қарамастан біздің басты мақсатымыз –жаза басқандарды заңды сыйлап, құрметтеуге үйрету,  адамгершілік қағидаларын басты мұрат ету және бостандықта шыққан соң өмірге қайта бейімдеу болып отыр.

Н.К.Тастанбеков, ОВ және СПРСО басшысы, Әділет капитаны.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір