• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:51:32
Алматы
+12°

13 Шілде, 2019 Экономика

Сапарбаев коттеджі бар азаматтардың жәрдемақы алып келгенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың саны қысқарады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Министр жәрдемақыны тіптен 3 қабат үйлері бар азаматтардың алып келгенін алға тартты. Мамандар өңірлерде бірталай заң бұзушылықты анықтаған.

Қазір Қазақстанда 291 мың отбасы, яғни 1 миллион 450 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Оларға осыған дейін 87 миллиард теңге төленген. Ең қызығы жәрдемақыны алатындардың 38 пайызы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары. Айта кетейік, 1 сәуірден кедейшілік шегі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен отбасыларға 20 789 теңгеден төлене бастады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір