• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:59:52
Алматы
+35°

15 Шілде, 2019 Әлем

Зеленскийдің кортежі апатқа ұшырады (видео)

Бұл туралы Украина Мемлекеттік күзет басқармасының Facebook-тегі хабарламасында жазылды.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі жол апатына ұшырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасына жоғары лауазымды тұлғалар күзет қызметкерлері отырған Volkswagen Transporter шағын автобусы және жолай бағытта жүріп келе жатқан екі автокөлік түскен. Деректерге сүйенсек, автобус балаларды тасыған. Бұл туралы Украина Мемлекеттік күзет басқармасының Facebook-тегі хабарламасында жазылды.

Хабарламада жазылғандай зардап шеккендер жоқ. Ал оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Страна.ua басылымы Украина президентінің кортежі ұшыраған апат туралы хабарлаған еді. Алайда онда Зеленскийдің өзі болған жоқ, өйткені мемлекет басшысы Киевке ұшақпен кеткен.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір