Қазалыда атаулы әлеуметтік көмекке байланысты халық арасында наразылық туындап жатыр деген видео тарады хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қызмет көрсету орталығы тұрмысы төмен отбасылардың құжаттарын қабылдамай, бір-біріне сілтеп жатыр деген видео фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған.
"Атаулы көмекке өтініш білдіруге келгенде "саған шығады, шықпайды" деп алдын-ала пікір айтатын көрінеді. Шығу-шықпау мәселесі өтініштер қабылданғаннан кейін зерттеліп барып айтылуы керек. Халық тиісті емес құжаттарды тапсыруға міндетті емес. Тек қана жеке құжаттарды тапсыру қажет. Және өтініштерді тапсыру керек. Бірақ алдын-ала пікір айтылмасын. Мен тек заң нормаларына сәйкес міндеттерімді айтып отырмын. Қаншама халық тентіреп жүр. Сосын алимент алмайтыны туралы қағаз сұратасыңдар. Айтшы, ол анықтаманы қайдан алуға болады? Ондай анықтаманы ешқандай орган бермейді. Ол бір, екіншіден сендердің оны сұрауға құқықтарың жоқ. Қаншама халық сандалып жүр ол анықтаманы қайдан аламыз деп... Сендер халықтың құқығын бұзатын әрекеттере жол бермеулерің керек", - дейді видео авторы.
Желіде ашынған халық атаулы әлеуметтік көмекті алуға қатысты бірқатар мәселелердің барын жасырмады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір