• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:49:41
Алматы
+12°

15 Шілде, 2019 Саясат

"Отырыңыз, сіздің баяндамаңыз үлкен күдік туғызады. Тексеру керек": Тоқаев министрге шүйлікті

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент транзиттен түсетін табыс мәселесіне тоқталды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр келтірген деректерге күдікпен қарады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент транзиттен түсетін табыс мәселесіне тоқталды.

"Келесі жылы транзиттен 5 миллиард доллар табыс таба аламыз дейміз. Біз ол жайында барлық конференция мен форумда айтамыз. Осы жоспарды орындай аламыз ба?", - деп сұрады Тоқаев.

Министр Роман Склярдың айтуынша, өткен жылы барлық көлік түрі бойынша транзиттен 1 миллиард 700 миллион доллар түскен болатын.

"Биыл осы көрсеткіш 2 миллиард 400 миллион доллар болады деген жоспар бар. Ал келесі жылы 3 миллиард 300 миллион болады. Негізгі себеп - сыртқы санкциялардың кесірінен Иранға және Кавказ арқылы Түркияға баратын тасымалдың төмендеуі. Есесіне электронды коммерцияның көлемі өсіп келеді. 2025 жылы оның көрсеткіші шамамен 3,5 миллиард долларға жетеді. Сондықтан транзиттің табысын Қытайдан Еуропаға жіберілетін сәлемдемелердің есебінен өтейтін боламыз", - деп Скляр мәлімет берді.

Алайда Тоқаев министрдің жауабына қанағаттанған жоқ.

"Отырыңыз, сіздің баяндамаңыз үлкен күдік туғызады. Тексеру керек", - деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір