• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қараша, 18:25:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Шілде, 2019 NEWS

Бейбіт Атамқұлов Тоқаевқа: Қазақстан капиталын сыртқа тасып жатыр

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов мемлекет басшысына елдегі капиталдың шет елдерге кетіп жатқаны туралы ашып айтты.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов көптің көкейінде майдай кілкіген мәселені жайып салды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттің сыртқы саясатына тікелей қатысы бар атқамінер ел шулап, жұрт жырлап жауыр қылған тақырыпты президент құлағына жеткізуге мүдделі болды. Бірнеше жыл бойы қайталанып, қазіргі уақытта тамыр жайып үлгерген бұл үрдісті шектеу - жауаптылардың міндеті. 

"Біздің экспорт жолымыз қиын, санкциялық соғыстардың салқыны бар, оның үстіне Иран арқылы шығатын транзиттік жол да өзінің кері әсерін тигізуде. Каспий теңізі арқылы жүретін транзиттік жолдың бағасы өсті. Қазір бізде бұдан да бөлек мәселелер баршылық. Мына нәрсеге баса назар аударғым келеді: бірнеше жыл бойы Қазақстанның капиталы сыртқа кетіп жатыр. Өзіміз өсірген, өзіміз қолдаған кәсіпкерлердің қазір көптеген жаңа бастамаларға инвестор бола алатын шамасы бар. Бірақ олар барлығын шетелге тасиды. Неге? Міне, осының бәрін, ішкі мәселелерді реттейтін заң қажет", - деді Бейбіт Атамқұлов. 

Ал желі қолданушылары Сыртқы істер министрінің көтерген мәселесін күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе деп танып, қолпаштап, қызу қолдап жатыр. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір