16 Шілде, 2019 NEWS
Шымкентте көпбалалы ана балаларын әкімшілікке тастап кетті
«Өздерің қамтамасыз етіп алыңдар!» - деген ол.
Шымкент қаласында көпбалалы ана кезектен тыс пәтер ала алмағанына ызаланып, өзінің балаларын әкімшілік ғимаратына қалдырып кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бес және жеті жастағы балалар құқық қорғау органы өкілдері олардың анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп болғанша, Абай ауданының әкімшілік ғимаратында болды. 40 жастағы жалғызбасты әйел кәмелет жасына толмаған төрт баласымен жалдамалы пәтерде тұрады екен.
Осы себепті де жалғызбасты әрі көпбалалы ана әкімшіліктен кезектен тыс пәтер беруді талап етуге бел буған.
«Көпбалалы ана мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алады. Демек, ай сайын төрт баласының әрбірі үшін 21 теңге төленуде. Ол қолына түскен қаражаттың көп бөлігі жалдамалы пәтердің ақысын төлеуге кететінін айтты. Біз оған тұрғын үй инспекциясына барып кезекке тұруға кеңес бердік.
Артынша ол кезектен тыс пәтер беруді талап ете бастады. «Онда өздерің қамтамасыз етіп алыңдар» деп балаларын тастап, шығып кетті.
Аудандық полиция бөлімінде әкімдік қызметкерлері әйелмен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ол қайта келіп, балаларын алып кетті», - дейді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір