• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:39:07
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 Тағайындау

Президент Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады

Бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін Сәуле Айтпаева атқарған болатын

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда. сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Сәуле Айтпаева президенттің өкімімен қызметінен босатылды.

Аружан Саин 

Аружан Саин Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне (қазіргі ҚазҰУ) география факультеті, экология және мониторинг кафедрасына оқуға түскен.

2006 жылы "Мейірім" ерікті қоғамы" қайырымдылық қорын құрған. Қор балалар мен сәби үйлеріне, сонымен қатар, науқас балаларға көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, Аружан Саин қор аясында ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне ақша жинап, бала асырап алу, инклюзия мәселелерімен айналысады.

2012 және 2015 жылдары Аружан Саин "Жылдың қоғам қайраткері" номинациясы бойынша "Халық сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің лауреаты атанды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір