19 Шілде, 2019 NEWS
Алматыда жаңа асфальт автобусты көтермеді
Тимирязев көшесіндегі жаңа үлгідегі автобус жолы ыстықтан балқып кетті.
Желі қолданушылары Алматы қаласындағы Тмириязев көшесінің автобус салмағын көтере алмай ойылып қалған жолдарын суретке түсіріп, қала әкімін белгілеп жүктеп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қолданушылардың пікірінше, жаңадан төселген жол аптап ыстыққа шыдай алмай балқыған. Балқыған асфальтты ойып жіберген - қоғамдық көліктердің ауыр салмағы.
Көпшілік жолдың ойылып қалғанына 1970-80 жылдары төселген асфальттің алынбағаны себеп деседі. Бірақ біршама уақыт бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов орташа жөндеу жұмыстары кезінде ескі асфальт қатпарлары алынбайтынын айтты.
На Тимирязева асфальт поплыл от жары @sagintayev_b pic.twitter.com/42d68stsR3
— Legostin (@Legostin) 18 июля 2019 г.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір