• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:07:19
Алматы
+12°

22 Шілде, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Соловьев: Зертхана жарылса, Алматы жойылып кетеді (видео)

"АҚШ-тың Қазақстанда биологиялық қаруы орналасқан",- дейді Владимир Соловьев

Ресейдің Владимир Соловьев жүргізетін бағдарламасында Американың дайындаған биологиялық қару жайлы өзекті мәселе талқыланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бағдарлама басталысымен-ақ АҚШ жайлы сөз қозғаған жүргізуші Соловьев:

"АҚШ биологиялық жарылғыш заттарды дайындап қойған. Әрине өз жерінде емес. Ресейге жақын мемлекеттерге. Ол — Украина, Өзбекстан, Қазақстан елдерінде. Пентагондықтар дәл осы жарылғыш заттардың адамға, табиғатқа әсерін бақылап жатыр. Бұл өте маңызды мәселе, оған жеңіл қарауға болмайды»,- деді.

Студияда қонақтар мен жүргізуші дебатқа түсіп, пікірлер екіге бөлінді.

«Әскери биологиялық зерттеушілер жарылғыш затты іздеп жатыр. Оларды жарып жіберу өте қауіпті»,- деген ойларға Соловьев іркілместен:

«Жарып жібере салсақ ше, сол жарылғышты. Мен жас емеспін. Өмірден көргенімді ғана айтайын. Жақында Израильде болған оқиғаны еске түсіріңіздер. Шекараны сақтау бізге де өте қиын болып тұрған шығар, білмейміз ғой.  Алматы — қалалар мен ауылдардың ортасында. Ондағы жарылғыш заттарды жару үшін арнайы құрылғылар да бар. Ол қалада миллиондаған адамдар бар. Егер ол зертханадағы жарылғышты бірден жарып жіберсе, Алматы жойылып кетеді. Билік басындағылар да ойланатын шығар. Шетелден келген кез-келген затты тексеретін шығар»,- дейді.

«Биологиялық қару өте арзан, өте қауіпті және көзге көрінбейтін қару. Оның ағзаңа қалай кіріп кететінін де байқамай қаласың»,- деп кесе айтты бағдарлама қонақтары.

Биологиялық қарубактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір