26 Шілде, 2019 NEWS
Тальгодағы зорлық: жолсерік қанша жыл арқалады?
Шамамен таңғы сағат 4 шамасында өзінің үстінде жатқан ер адамның салмағынан оянып кеткен. Жолаушы ол адамның өзі қуып шыққан жолсерік екенін жазбай таниды.
Бүгін Қостанай қаласындағы №2 соты 97/98 «Нұр-Сұлтан – Ақтөбе» бағытындағы пойыздың екі жолсерігіне қатысты үкім кесті деп жазады
Жолсеріктерге 2018 жылдың 26-қыркүйегінде «Тұлпар-Тальго» пойызында купедегі қызға сексуалды зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылған.
Қоғамды дүр сілкіндірген шулы оқиғаның жария болып кетуіне «не молчи.кз» қозғалысының көшбасшысы Дина Смаилова себеп болды.
Оның айтуынша, жәбірленуші әйел Нұр-Сұлтан қаласынан Ақтөбеге қайтып келе жатқан. Алғашында купеде жалғыз болыпты. Артынша мейрамханаға тамақ ішуге кетеді. Қайтып келсе, азаматтық киімдегі жолсерік отырған. Бірақ әйел жолсерікті шығарып жібереді.
«Әйел қорқыныштан ешқандай әрекет жасай алмай қалған. Ол дем ала алмай, қозғала алмай жатып қалыпты. Жолсерік арам ойын жүзеге асыра салысымен купеден шығып кетеді. Жәбірленуші қозғала алмай біраз жатып қалады. Сол уақытта екінші жолсерік келіп, ол да арам ниетін жүзеге асырған. Екінші жолсерік шыққан кезде ғана әйел тұрып есікті жапқан. Бірақ әлгі жолсерік ұмыт қалдырған телефонын алуға келген. Оған қарсылық көрсеткен әйел бірнеше соққы алған», - деді Смаилова өз парақшасында.
Әйел сол мезетте полиция шақырады. Бұл жағдай Қостанай облысының территориясында болғандықтан, аталмыш іспен жергілікті полиция айналысты. Сот отырысы Қостанай қаласында жабық режимде өткен.
Бүгін сот үкім кесті. Ек жолсерік те кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір