• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:33:25
Алматы
+12°

Түрікменстан президентінің  баласы Сердар  Бердімұхамедов Ақал уалаятының хакімі болып тағайындалғанына да біршама уақыт өтті. Алайда оған қатысты ел арасында неше түрлі әңгімелер жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар мен уалаят қызметкерлерінің арасында жасырын сауалнама жүргізген hronikatm.com сайты осы аптаның ортасында мәлімсіз бірқатар деректерді жария етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетер бір жайт, Ахал уалаятының орталығы Аннау қаласында орналасқан. Бұл шамамен Ашхабад қаласынан бар-жоғы 8 шақырым жерде. Бірақ кіші Бердімұхамедов  жұмысына жан-жағын қоршаған күзетшілерімен келеді. Көлігін қоршап арнайы мотоциклдер жүреді. Әкімшіліктің ауласына ол осылай арнайы кортежбен кіреді. Хакім Сардар ғимаратқа енген кезде дәлізде ешкім болмауы қажет және жұмыс кезінде ешқандай дауыс естілмеуі қажет. Ол негізінен уалаят аумағында үлкен іс-шара өткен кезде ғана жұртшылықтың алдына шығады екен.

Жергілікті шенеуніктердің айтуына қарағанда, Президенттің ұлының қабылдауына ешкім кіре алмайды. Оның қабылдау бөлмесінің алдында арнайы күзет тұрады. Бұрынғы хакімдікте мұндай қызмет мүлде болмаған. Ғимаратта ұялы телефонмен байланыс жасауға тыйым салынған.

Жергілікті атқамінерлердің айтуына қарағанда, Сардар Бердімұхамедовтың жергілікті шенеуніктерге жиі айтатын  ең сүйікті сөзі «Мойныңды жұлып аламын» екен.

Ал Ахал уалаятының халқы «Сардар Бердімұхамедов бұл қызметте ұзақ отырмайды. Ары кетсе, бір жыл болуы мүмкін. Сосын тағы жоғары лауазымға көтеріледі» деп отыр.

Осы уақытқа дейін Сардар Ахал уалаяты хакімінің орынбасары болып бар-жоғы алты ай ғана істегені белгілі. Демек ол хакім болып та ұзақ отырмайды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір