27 Шілде, 2019 Барлық аймақтар
Дәурен Омаров – «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары
Бұл «тұлпар тай кезінен танылады» дегенді білдіреді.
Жас келсе-іске! Бұл әрине Дәурен үшін мықты мектеп. Нұржан Жалауқызы да орынбасарлыққа Дәурендей жасты бекер таңдаған жоқ. Сенді.
Білімдінің қашан да күні – жарық! Дәурен Омаров Шығыс-Қытай ғылым және теxнологиялар университетіне инженерлік менеджмент мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Аталған оқу орнында экономикалық құқық магистры атанды. Қазір ол Шығыс-Қытай ғылым және теxнологиялар университетінің қоғамдық менеджмент және әлеуметтік саясат факультетінің докторанты.
Дәурен қазақ, орыс тілдерімен қатар, ағылшын және қытай тілінде еркін сөйлейді. Ол бұған дейін де журналистиканың бірталай мектебінен өтті. «Айқын» , Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы» газеттерінің Қытайдағы тілшісі болды. «Ерте тұратын ел», «Мерекесі мол мемлекет», «Жаһанға жайылған жұрт» атты үш кітап жазды. «Қазақстан» ұлттық арнасының Қытай Халық Республикасындағы меншікті тілшісі болды. Ақпараттық - танымдық бейнематериалдар жариялады.
Есіме елге ерте танылды, журналистикада да өзін ерте танытты.
«Шабыт» халықаралық фестивалінің проза жанры бойынша гран-приін, Жастар сыйлығы бойынша «Жылдың жас журналисі» номинациясын жеңіп алды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Бұл не? Бұл «тұлпар тай кезінен танылады» дегенді білдіреді.
Ендеше жаңа қызметте сенімді ақтайтынына біз де сенеміз!
...Омаровтардың осалы жоқ, Дәурен! Саған сәттілік тілейміз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір