07 Маусым, 2019 Аймақтар
Президенттік сайлау: кандидаттарға ешкім кедергі жасаған жоқ
9 маусым - Қазақстанның болашағын айқындайтын тағдыршешті күн
Енді бірер күнде үгіт-насихат жұмыстары бітіп, халық өз таңдауын жасайтын болады. Ақиқатын айтар болсақ, бір айдан бері жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының күні, мерзімі бітуге таяу. Айта кету керек, Президенттік додада сынға түскен жеті кандидаттың да есімі елге танымал. Оларды белгісіз деп айтуға келмейді. Үгіт-насихат жұмыстары сылбыр жүрген жоқ. Барлығы да заңның аясында өтті. Соншалықты заң бұзушылығы болған жоқ. Барлығын бас прокуратура орындары мен тиісті орындар қадағалап отырды. Бұқаралық ақпарат құралдары да жеті кандидатты бөле жарған жоқ. БАҚ беттерінде олар жеткілікті дәрежеде сөз алды. Орталық сайлау комиссиясы олардың барлығын реттеп отырды. Сонымен қатар, Ақпарат және даму министрілігі де БАҚ беттерінде жарияланған мақалаларға мониторинг жасады. Орталық сайлау комиссиясының дерегіне назар аударар болсақ, кандидаттарға қатысты науқанға республика бойынша 802 БАҚ қамтылды. ОСК атап көрсеткендей, саяси додаға қатысқан үміткерлер туралы әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында 16 мыңнан астам материал жарық көрді.
Әрине, атап өтер бір жайт, үгіт-насихат науқаны белгіленген тәртіппен, заңмен және талаппен жүретіні белгілі. Сондықтан оның құқықтық жағын түсіндіру де – басты талап. Осыған орай БАҚ беттерінде бес мыңға жуық мақала жарық көрді. Сонымен қатар республикалық және аймақтық телеарналарда 13 бейнеролик көрсетілгенін айта кету қажет.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де БАҚ беттерінде жарық көрген мақалалар мен бейнороликтердің жарық көру заңдылығын бақылап, қадағалап отырды. Президенттікке кандидаттарды бөле жару болған жоқ. Барлығына тең құқық берілді. Республикалық телеарналарда да үміткерлерді беру немесе оларға сөз беру және жария ету тең болды жағдайда өтті. Орташа есеппен алғанда, әрбір үміткердің үлесі шамамен 14,3 пайызды құрады. Республикалық басылымдарда 13 пайыздан 17 пайызға дейін, интернет сайттарда бұл көрсеткіш 13 пайыздан 17 пайызға дейін жеткенін айта кету қажет.
Ертең сайлау алдындағы – «тыныштық күні». Сондықтан бұл күні ешкім, ешқандай кандидат, тіпті халық та үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбейді. Мұның барлығын ОСК мамандары арнайы түсіндірген, сондықтан бұл талап пен ережені ешкім де бұзбауы тиіс. Бұл жағынан алғанда қазіргі уақытта халық өте сауатты екенін айта кеткіміз келеді.
9 маусым Қазақстанның болашағын айқындайтын тағдыршешті күн десек, артық емес. Сондықтан халық өз таңдауын жасайды деп сенеміз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір