• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:55:19
Алматы
+12°

31 Шілде, 2019 NEWS

Шенеунікке сұрақ қою жеңілдей түсті (видео)

Аудан әкімдері мен басқарма басшылары енді халыққа жақындай түспек

Аудан әкімдері мен басқарма басшылары енді халыққа жақындай түспек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Енді аптасына екі рет шенеуніктер халықтың арыз-шағымдарын тыңдайтын болады. Аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері алматылықтар Акимат Live бағдарламасында өз әкіміне өз сұрақтарын қоя алады. Елді алаңдатып отырған мәселені "Алматы" арнасынан болатын тікелей эфир кезінде хабарласып, айта аласыз.

Сонымен қатар, тікелей эфир YouTube және Facebook желісі арқылы да таратылады. Ол жерде сіздер эфир астына өз сауалдарыңызды пікір ретінде жаза аласыздар.

Ең бірінші болып "ыстық орындыққа" отырған Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай. Сұрақтардың басым көпшілігі ауданның тыныштығы, су қоймасы, жол мәселесі т.б болды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір