01 Тамыз, 2019
ҚТЖ басшысы жолаушыны зорлағандарға қатаң жаза сұрады
Прокурор сұраған кесім орындалмады.
"Қазақстан темір жолы" халықтық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетовтен қылмыс жасаған жолсеріктердің жазасын қатаңдатуды сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан темір жолы" АҚ ХК басшылығы 2018 жылдың 26-қыркүйегінде орын алған Үмбетәлиев Жетес пен Құрманиязов Қолқанатты айыпты деп танып отыр. Аты аталған қос жолсеріктің жасаған қылмысы үшін қолданлатын шараны қатаңдатуды сұраймыз", - делінген БАҚ бетінде жарияланған хатта.
Еске сала кетейік, өткен аптада Қостанай қалалық №2 соты "Тұлпар-Тальго" пойызының қос жолсерігіне 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Бірақ қос қылмыскерге прокурор 6 жыл 6 ай мерзім сұраған еді.
Айта кету керек, аталған жағдай үшін "Қазақстан темір жол" АҚ ХК басшысының орынбасары Қанат АЛмағамбетов халықтан кешірім сұраған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір