• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 09:02:16
Алматы
+35°

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы қалып отырған 65 елді мекенді алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандармен қамту мәселесі 100 пайызға шешіледі. Бұл туралы облыс әкімі  Асқар Мырзахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында берген есебінде айтты.

Мырзахметовтың мәліметінше, облыстағы өлім-жітім көрсеткіші (облыс – 6,78 промиль) орташа республикалық орташа көрсеткіштен (7,39 промиль) төмен. Оның ішінде ана өлімі де төмендеп отыр.

«Жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін 44 санитарлық автокөлік сатып алынып жатыр. Тараз қаласында жедел жәрдем қызметін бағалайтын «Көмек» ақпараттандыру жүйесі енгізілді, аудандарға 1 тамызға дейін енгізіледі», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Асқар Мырзахметов өз есебінде облыстағы көптеген он өзгерістерді айтты.

«Жастар жылына орай «Жастар аллеясы» ашылды. Онда бірнеше нысандар бой көтерді. Оның бірі «Жастар қабілет орталығы».

«Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасы қолға алынды. 2 мыңға жуық еріктілер дерекқоры жасалды. Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені ашылды.

(Аталған дүкендер 977 отбасыға 4 тоннаға жуық киім-кешек үлестіріп, 609 отбасыға 3,2 миллион теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.)

Бүгінде «Қамқордың» 30 мүшесі Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына да көмек көрсетуде.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңге, ал республикалық бюджеттен 166 миллион теңге грант бөлініп, 466 жастың құжаты қаралуда.

Осы жылы 11 мың жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, есепті кезеңге 7 мыңға жуық (62 пайыз) жас тартылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 344 маманға 61 миллион теңге көтерме жәрдемақы, 123 маманға тұрғын үй сатып алуға 445 миллион теңге несие берілді.

Спорт саласында да жетістігіміз аз емес. Облыстың 893 спортшысы Ұлттық құрама командасы мүшелігіне енді.

Жарты жылда халықаралық және республикалық жарыстарда 267 алтын, 196 күміс, 233 қола медальдарын иеленді.

Атап айтсақ, дзюдодан Елдос Сметов Анталия және Будапешт қаласында өткен Әлемдік Гран-при турнирінің жеңімпазы атанса, Неаполь қаласында өткен Универсиада ойындарында Қырықбай Ғалымжан алтын медальді иеленді.

Тараз қаласындағы «Жастар» стадионы күрделі жөндеуден өткізілуде. Таразда 3 дене шынықтыру кешенін салуға ЖСҚ дайындалды.

Тұрғындардың спортпен шұғылдануына аулаларда және саябақтарда биыл 210 спорт алаңшасын салу жоспарланса, бүгінге оның 25-і қолданысқа берілді, – деді Асқар Исабекұлы.

Қуаныш Кеуілімжай

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір