• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:38:16
Алматы
+12°

Сайлаудан соң ауруханаға түсіп қалған ҚР Президенттігінен үміткер болған Әміржан Қосанов БАҚ-тарға сұқбат бере бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасаап.

"Сайлау алды,сайлау кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалған екі ай, шынын айтайын, мен үшін оңайға соққан жоқ. Сайлаудан соң ауруханадан бір-ақ шықтым. Дәрігерлер ұйқы қанбағандықтан, көңіл-күйдің құбылмалы болуынан, шамадан тыс жұмыс істеп қойғандықтан жүйкеңіз сыр берген деді. Расында, президент сайлауына қатысу деген оңай нәрсе емес. Көп энергия мен жүйкенің төзімділігін талап етеді. Қазір енді ғана өз-өзіме келіп, ес жиып жатырмын. Енді сайлау нәтижесін қорытындылап, оған өз бағамды беруге дайынмын", - дейді ол.

Сондай-ақ өз сұқбатында Қосанов сайлау қорытындысы толық жарияланып болғанына қарамастан Президент Тоқаевты жеңісімен неге асығыс құттықтағанын да түсіндірді.

"Шынымды айтайын, сайлау болатын күнге 10 күн қалғанда ресми емес инсайдерлік ақпарат көздерінен 9 маусымда көтеріліс жасауға әрекет жасап жатқан адамдар бары туралы білдім. Ал 10 маусымда сайлаудың қорытындысы жарияланатын күн. Орталықта, өңірлерде болатын провокациялық акциялар туралы нақты сөз шықты. Әбіләзов пен соның адамдары ұйымдастырмақ делінді. Тіпті, сайлау аяқталғанға дейін үшінші тараптың менің көзімді құрту жоспары да болыпты.

Сондықтан 10 маусымда сағат 12-де менің жасаған мәлімдемем сәл кешіккенде бәрі кеш болар ма еді? Өйткені сол түні бәрі менің аузымды бағып отырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір