• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:39:01
Алматы
+12°

05 Тамыз, 2019 Ғылым-білім

Атырау облысында биыл 232 тегін грант бөлінді

Жоғарғы білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы 232 грант бөлінд

Жоғарғы білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы 232 грант бөлінді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Білім басқармасы хабарланғандай, гранттар жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың нақты мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін кадрлардың қажеттіліктерін ескере отырып, конкурстық негізде тағайындалады. Биыл гранттар білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария, балық шаруашылығы, дінтану, мемлекеттік аудит, ақпараттық технологиялар және т.б. салаларға бөлінуде.

Айта кетейік, 2017 жылы Атырау облысында студенттер алғаш рет жоғары оқу орындарында жергілікті бюджет есебінен білім алуға мүмкіндік алды. Барлығы 222 білім гранты бөлінді. Олардың ішінде 178 оқытушы, 35 дәрігер және 9 ветеринарлық мамандық бойынша студенттер. Білім гранттарының иегерлері Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті.

2018 жылы 230 болашақ жас маман жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Олардың ішінде 149 - педагогикалық мамандықтар бойынша, 56 - медициналық, 9 - ауылшаруашылық саласында, 2 - жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен технологиялары, 14 - автоматика және басқару. Сонымен қатар, 16 студент «Аймақтық экономиканы дамыту бағдарламасы» және «Жер пайдалануды басқару» бағдарламалары бойынша магистрлерді даярлау үшін білім гранттарының иегері атанды.

Сондай-ақ, биыл Қазақстан Республикасының Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көп балалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 220 қосымша білім беру грантын бөлді.

Білім беру грантын беруді жергілікті атқарушы органдар «бакалавр» немесе «магистр» ғылыми дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Конкурсқа өтінішті 5-нен 10- шы тамыз аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қабылдайды.

Талапкер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;
2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа)
3) ҰБТ сертификаты;
4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
6) Сонымен қатар, талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Жоғарғы білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы 232 грант бөлінді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір