12 Тамыз, 2019 NEWS
Көк-Төбе маңындағы өрт кезінде өлі табылған кім, неден қаза тапты?
Сараптама, сараптама... неден қаза тапты екен?
Алматы қалалық полиция қызметкерлері өрт кезінде табылған мәйітке қатысты тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта мәйіттің аты-жөні, жынысы, қандай жағдайда қаза тапқаны ауқымды зерттеліп, анықталу үстінде. Тексеру үшін қылмыстық іс қозғалған.
Сот-медициналық сараптамасы мен басқа да сараптамалар тағайындалып, зерттелу үстінде. Сараптама қорытындысы адамның неден қаза тапқаны туралы нақты мәлімет береді.
Еске сала кетейік, кеше Көк-Төбе маңындағы өртті сөндіру барысында адамның мәйіті табылған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір