• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 17:12:49
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

12 Тамыз, 2019 Тағайындау

"Қазақфильмге" жаңа басшы тағайындалды

"Қазақфильм" киностудиясының жаңа президенті болып Арман Асенов тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткен болатын. 

Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 

1995 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын, 1998 жылы Мәскеудегі С.Эйзенштейн атындағы Кино мектептерін дамыту халықаралық қорының жоғары режиссерлік курсын "Кино өндірісін, мәдени және бұқаралық бағдарламаларды ұйымдастырушы" мамандығы бойынша, 2000 жылы Мемлекеттік қаржы институтын бітірді.

1995 - 2002 жж - актер, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ продюсері.

2002 - 2006 жылдар - "Казкинопрокат" бірлестігінің бас директоры, кинопродюсер. 2006 - 2007 жж - Алматыдағы Республика сарайы директорының орынбасары. 2007 - 2010 жж - Астанадағы "Жастар" сарайының директоры.

2010 - 2014 жылдар - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, "Бәйтерек" ұлттық продюсерлік орталығының бас продюсері.

2014 - 2015 жж - Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бірінші вице-президенті

2015 - 2016 жылдар - "Қазақ Елі" Тұңғыш ұлттық сериалының бас продюсері.

2017 жылғы 6 қаңтардан бастап - "Республика Сарайы" ЖШС директоры, кинопродюсер.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір