• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:58:29
Алматы
+12°

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы болжам бойынша 28 тамызда өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ол туралы президенттің кеңесшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин  алдын ала мәлімет берді. 

"Қазір Ұлттық кеңес қызметінің механизміне қатысты бірқатар мәселе бар. Қандай жұмыс топтары құрылатынын, оның құрамына кімдер кіретінін анықтап алу керек. Құрылған топтар өз отырыстарын өткізіп, басым бағыттарды белгілейді деген пайымдау бар. Кездесудің нақты күні әлі келісіліп жатыр, әзірге 28 тамыз деп отырмыз", - деді Қарин.

Бұған дейін үкімет отырысында хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторийін қарайды. Ерлан Қарин алғашқы жиын жұмысты ұйымдастыру сипатында өтеді деп түсіндірді.

Кеңестің төрағасы – президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Төрағаның орынбасары – президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев; хатшы – президент кеңесшісі Ерлан Қарин.

Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саланың қырықтан астам сарапшысы енді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір