13 Тамыз, 2019 NEWS
Алматыда тағы да бір қойма өртке оранды
Самғау ықшам ауданында өрт болып жатқандығы жайлы хабарлама таңғы сағат 05:06 да "101" сенім телефонына келіп түскен
Алматы қаласында кеңсе тауарлары сақаталатын қойма өрткен оранды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Самғау ықшам ауданында өрт болып жатқандығы жайлы хабарлама таңғы сағат 05:06 да "101" сенім телефонына келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру қызметкерлері жалынның екінші қабаттан және екі қабатты ғимараттың шамамен 400 шаршы шақырымын алып жақан жақтауынан шығып жатқанын анықтаған.
"Жеке құрам және арнайы техника ТЖД тапсырмасы бойынша осы іске жұмылдырылды, сонымен қатар екі цистерна суда "Алматы Тазалық" жеткізіп берді. Ғимарат маңында су қоймасы болмағандықтан, өртті алауыздақтау қиынға түсті. Басым бөлігі батыс жақ беті көбірек жанған. Өрт сөндірушілержасаған шараларының арқасында отты алауыздықтап, көрші жеке секторға өтіп кетудің алдын алды. Сағат 06:28 де оттың жалыны басылып, 07:09 да толығымен сөндірілді. Бас-аяғы бұл іске 50 адам, 12 техника жұмылдырылды.",- делінген хабаралмада.
Зардап шеккендер жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір