• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 09:30:08
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

14 Тамыз, 2019 NEWS

РФ елшісі Қызылорда сапарынан алған әсерімен бөлісті

Байқоңырдың айлағы Қызылордаға мүйізі қарағайдай елшілерді де елпек қақтырып әкеледі.

Қызылорда облысының әкім Қуанышбек Ысқақов Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобровпен кездесті. Кездесу барысында іскерлік қарым-қатынастың барысы талқыланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Менің сапарымның мақсаты – аймақтың жаңа әкімімен танысу және серіктестіктің алдағы жоспарларын талқылау. Біз Қызылорда облысымен бірнеше сала бойынша тығыз жұмыс жасаймыз. Оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы халықаралық деңгейде. Сондай-ақ, әңгіме барысында бірлескен жобалар жасауға, атап айтсақ ауыл шаруашылығы саласы мен инфраструктура саласында жаңа жобалар бар», - дейді Бобров.

Елшінің айтуынша, Қызылорда облысы оған жақсы әсер қалдырған. Елші ағымдағы жылдың сәуір айында осы аймаққа ат ізін салған.

«Қызылордалық 500 түлектің Ресейдегі үздік ЖОО-ларда білім алып жатқанын естіп марқайып қалдым. Жалпы, біздің әңгімеміз өте салмақты әрі достық деңгейде өтті», - деді елші.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір