• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 15:33:55
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Конференция барысында білім саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Конференция "Білім және ғылым" ұранымен өтпек.

Сонымен қатар Тоқаев мұғалімдерді бюрократиядан босатуды тапсырды.

Биылғы "Тамыз" ерекше, өйткені Тәуелсіздік сарайында педагогтармен кездесуге білім және ғылым министрі ғана емес, мемлекет басшысы да келеді.

"Тамыз конференциясының соңғы дайындығын министр Асхат Аймағамбетовпен пысықтадық. Ұлағатты ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады. Бұл биылғы Тамыз конференциясының қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Мұғалім мәртебесі, оқулықтар мәселесі, озат оқушы тәрбиелеу, мектептер, үштілділік және басқа да білім және ғылым саласының түйткілді мәселелері бүгінгі жиында айтылады", - деп жазды Берік Уәли.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір