• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:27:45
Алматы
+12°

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 85-қадамында "МӘҢГІЛІК ЕЛ" патриоттық актісі жобасын әзірлеу белгіленгені белгілі.

Елбасымыз "Мәңгілік ел" идеясының негізінде ұлт дамуының қайнар көздері болып саналатын мәдениеті жоғары, халқының әдет-ғұрпын сақтайтын, құндылықтарды дәріптейтін ұрпақты тәрбиелеуді алдымызға міндет етіп қойды.

Рухани жаңғырудың бастауы ұлттық тамырдан нәр алуы тиіс дейтін болсақ, мектептерде патриоттық тәрбиені кең көлемде жүзеге асыру қажет.

"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ББЖКБАРИ Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы стратегиялық құжаттардағы басым мақсаттарды жүзеге асыруда мектепке дейінгі ұйым басшылары мен мектептің тәрбие мамандары үшін қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын өткізіп келеді.

Білім берумен қатар ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулу, тәрбиелеуді мектеп қабырғасында жүзеге асыру жолдарын белгілеуде тыңдаушылармен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану кеңінен жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының идеяларын енгізу бойынша тәжірибелік бағыттағы іс-шаралар өткізіледі. Тәрбие мәселелері бойынша курс барысында мектептің әлеуметтік, қоғамдық ұйымдармен   байланысын, педагогтар, ата-аналармен және оқушылармен түрлі формадағы жұмыстардың тиімділігін ашуға бағытталған тыңдаушылардың жеке және топтық жұмыстары дайындалады, тәжірибе алмасу мақсатында ортаға салынады. Білім беру қызметінің сапалық деңгейін анықтауға институттың мониторинг жүйесі қызмет етеді.

Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Жас ұрпаққа рухани тәрбие берудегі мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курстарының мазмұны педагогтардың кәсіби білімінің тереңдеуіне бағыт береді. Әсіресе республиканың түрлі аймақтарынан келген тәжірибелі мамандардың айтар ойы, жоспарлы ұсынысы, жобалары, тың идеяларын ортаға салуының кәсібін енді ғана бастаған жас басшылардың білімі молаюына, тәжірибесі кеңеюіне тигізер ықпалы үлкен. Сондықтан да "Мәңгілік ел" идеясынан бастау алып, рухани жаңғыруға жол ашқан Елбасының тағылымдық еңбектерін кеңінен насихаттау ісі өз жалғасын таба бермек.

Ағима Маханбетова,

«Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы ББЖ КБАРИ Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір