25 Шілде, 2019 Заң
Сөз жоқ, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында сот саласына іргелі өзгерістер қажет екендігін атап көрсеткені белгілі. Соңғы екі-үш жылдағы көріністер осы ізгі жұмыстың айғағы десе де болады. Мысал ретінде айтар болсақ, кейінгі кезде сот саласында түрлі терминдер мен қызмет түрлері пайда бола бастады.
Мысалы фронт-офистер ашу жиіледі. Мұнда кез келген азамат осы фронт –офиске келіп, өзінің белгілі бір мәселе бойынша талап арызын өткізе алады. Оны осында отырған қызметкерлер қабылдап алады және оның кімге тапсырылғаны, қашан шешім шығатыны жайлы келген азаматқа қайта хабарласады немесе оның электрондық поштасына мәселені нақты түсіндіріп жауап берелі. Бұл сот ісіне қатысты мәселе болуы да мүмкін. Мұның пайдасы неде? Мәселенің – ашықтығында және келген адам шенеуніктердің өзін күтпей, өз сауалына немесе өзін толғандырған мәселеге нақты жазбаша жауап ала алады. Мұны неге айтып отырмыз? Осы уақытқа дейін соттың шешіміне наразылықтардың да көбейіп кеткені жасырын емес. Ал оның ашықтығын бұрынғыдан да анық көрсету үшін не істеу қажет? Мұның барлығы да Ұлт жоспарында ұтымды көрсетілген. Осыған байланысты қазіргі таңда сот саласында сотты бейнежазба арқылы тікелей көрсету жүргізіле бастады. Сондай-ақ «виртуальды сот» жобасы да жүзеге асып жатыр. Ал «виртуальды сот» дегеніміз не? Мысалы, өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Мәселен, кейбір куәгерлер немесе оқиғаға тікелей қатысы бар адамдар сотқа қатыса алмауы ықтимал. Ол дәл сол уақытта шетелде немесе келуге мүмкіндігі болмай, қашық ауылда жүруі ықтимал. Мұндай кезде ол онлайн режимінде сотқа қатыса алады, судьяның немесе қорғаушы тарапынан қойылған кез келген сауалға сот мәжілісіне келместен бейнекөрініс арқылы қатысады және жауап бере алады. Мұның тиімділігі неде?
Біріншіден, куәгер немесе сол оқиғаға қатысы бар өкіл алыс сапарда жүрсе уақытын сарпт етпейді,
Екіншіден, жол шығыны босқа кетпейді.
Үшіншіден, аталған көріністің барлығы да бейне жазба арқылы жұртшылықтың көзінше жүзеге асады.
Төртіншіден, бұл – инновациялық жетістіктер. Бұл –өмір талабы. Заманауи жетістіктер.
Бесіншіден, бұл сот саласындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ұтымды тұсы.
Алтыншыдан, сот процесін жүргізіп отырған судьялардың барлығы да алдымен қағазбастылықтан арылады.
Жетіншіден, іс-қағаздары электрондық форматқа ауысады.
Сегізіншіден, бұл Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының толыққанды орындалуы немесе жүзеге асуы болып шығады.
Әрине Қазақстан қай бір салада болсын, озық дамыған елден көш қалмауы тиіс. Еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін барлық өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Ал бұл өзгерістерді енгізу –заман талабы. Бір ғана мысал, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамында «барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп анық жазылған. Демек, бұдан шығатын қорытынды не? Мұның барлығы сотқа қатысып отырған халықтың көз алдында жүзеге асады. Ал бұл жайт сотқа, судьяға деген сенімділікті күшейтеді. Өйткені орын алған қылмысқа немесе қандай да бір оқиғаға байланысты судьяның үкімі оқылып, соттың шешімі шықса да халықтың көңілінде еш күмән қалмауы тиіс.
Сөзіміз жалаң болмас үшін Жоғары соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасовтың редакция сауалына орай жолдаған мына бір жауабын келтіре кетейік. «Жыл сайын бейнебайланыс жүйесі арқылы республикамызда 17 мыңдай сот процесі өтеді. Жыл басынан бері осындай 6 мың сот процесі жүзеге асты». Демек, біздің нақты байламамыз: соттың ашықтығына көздері жеткен азаматтардың қатары күн санап қазір күрт артты.
Маржан Сәбет
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір