• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:39:45
Алматы
+12°

Алматы облысында жер сілкінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 тамызда 05:07-де ҚР БҒМ "СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 245 шақырым жерде Алматы облысы Панфилов ауданында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 12,8. MPV магнитудасы - 5,4. Тереңдігі 5 шақырым", - делінген хабарламада.  Жер асты дүмпулері Жаркентте 4-5 балл, Талдықорған - 2-3 балл, сондай-ақ Кеген ауданындағы Саты ауылында - 2-3 балл сезілген. 

Алматы облыстық ТЖ департаменті мәліметті ала салысымен жергілікті атқарушы органдардың барлығына, ТЖА, ПД, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдар осы аймақта сақадай сай тұр. 

"Алматы облысында Талдықорған қаласының 12 тұрғынынан сұрап білу мақсатында қоңырау түскен. Панфилов және Кеген аудандарының тұрғындарынан қоңырау түскен жоқ", - делінген хабарламада. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір